01
март
2022
1-наурыз - Алғыс айту күні
1-наурыз - Алғыс айту күніне орай мектепте жоспар бойынша іс-шаралар атқарылды. "Өмірге риза болып, алғыс айт!" тақырыбында 5-7 сыныптар арасында челлендж, "Ата-анам - сізге мың алғыс!" тақырыбында 1-4 сынып оқушылары ашықхаттар көрмесін жасады. 28.02.2022 ж күні 8 -11 сынып оқушылары арасында "Кімге алғыс айтар едіңіз?" тақырыбында пікірталас болып өтті. Мақсаты : Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын қалыптастыру, әдептілікке, кішіпейлілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.









