Үздік сабақ - Кожалакова Г.К
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 5-сабақ
Бөлім: | Өнер | |
Мұғалімнің аты-жөні | Кожалакова Гулмира | |
Күні: | 25.01.2022 | |
Сынып: 3 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Зат есім. Орындалған арман | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын зат есім табу, оның жалқы және жалпы есімдерін ажырату. | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді, зат есімді ажыратады. Көптеген оқушылар: зат есімдерді тауып, талдау жасай алады, жалқы, жалпы есімдерді ажыратады. Кейбір оқушылар: зат есімдерге мысалдар келтіре алады, өз ойларын еркін жеткізеді. | |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5мин | Ынтымақтастық ахуал «Біз қандаймыз?» шаттық шеңбері.(Ұйымшыл, білімді, мықты,т.б) Топқа бөліну: «Молекулалар қозғалысы» арқылы 7 оқушыдан Суреттерге қарап оқушылар «Болжау» әдісі арқылы сабақ тақырыбын анықтау .Сабақ мақсатымен таныстыру. Сабақ барысында оқушылар ақ қағазға сурет салады. Онда әр тапсырманы өзі дұрыс орындағаны бойынша үйдің әр элементін салып отырады. Сабақ соңында кімнің үйі қалай салынғанын байқаймыз. | Топқа бірігеді. сұрақтарға жауап береді. 3- топқа бөлінеді. Зат есім деп табады. | «Қол шапалақтау» Бағалау критерийларымен танысады. | Слайд, сурет |
Сабақтың ортасы 33мин | 14 бет, 18 тапсырма: Мәтінді оқы. Мәтін кейіпкерлерімен слайд арқылы таныстырылады. Әміре Қашаубаев 1888 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауданындағы Бегелен тауының етегінде кедей шаруа отбасында дүниеге келді. Орта жүздің тарақты руынан шыққан. Критерий: Нақыл сөзді қатесіз жазу.Нақыл сөздердің мағынасын топта талқылау. 1.Талапты бала талпынған құстай, Құмары қанбас аспанға ұшпай. 2.Адам баласының ең жаманы – талапсыз. Қосымша тапсырма : №20 Кестені толтыр. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс:Сұрақтарға жауап бер.Кім? Не? (Ата, түлкі, дәрігер, қарындаш, дәптер, іні) Дарынды оқушылармен жұмыс: «Полиглот» Сөздердің ( бала-сhild –ребенок; кітаптар-книги-books, ағылшын, орыс тіліндегі нұсқасы айтылады. | Тапсырманы орындайды. 1.Әр топ бір –бір сұрақтан қояды. 2.Мәтінге ат қояды. 3. Мәтіннен зат есімдерді тауып, олардың жалқы, жалпы есім екенін табады-2балл (Үйдің қабырғасы, шатыры,терезелері, есігін салады.) (үйдің моржасын, аулады ағаш салады) Жеке қағазға жазады. «Полиглот» тапсырмасын орындайды. | Дескриптор: - Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қойып, жауап береді-1 балл. -мәтінге ат қояды 1 балл - Мәтіннен зат есімдерді тауып, олардың жалқы, жалпы есім екенін табады-2балл. . Барлығы 4 балл Дескриптор: Қатесіз жазады 1 б Сөздердің мағынасын түсіндіреді 1 б Дескриптор: Кім? 1 б Не? 1 б Орыс тілінде 1 б Ағылшын тілінде 1 б | Оқулық, сурет оқулық, дәптер |
Кері байланыс 7мин | Кері байланысты «Менің жетістігім» әдісі .Салған үйлерін , өзінің бүгінгі сабақта жеткен жетістігі туралы айтады. Оқу тапсырмасы: 20-жаттығу 15 бет | Кері байланыс жасайды. Оқу тапсырмасын жазып алады. | ҚБ қойылады. 10 балл |