Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл
Мектебімізде 20 қаңтар күні 9 сынып оқушыларынығ қатысуымен жіне тарих пәні мұғалімдері Суюмбаева Ф.Ш және Турсынбаева Қ.М ұйымдастыруымен «Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Шығыс пен Батыстың кіндігі болған Мысыр елінің гүлденуіне, мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілуіне ғалымдардың қосқан үлесін түсіндіру. Бабамыздың өз елінде емес, өзге елде 17 жыл сұлтандық құру, сол елде құрметтелу кез келгеннің қолынан келмейтін іс. Ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын үлгі ету.Қаламға ілікпей, көзге түспей қалған жәйттарды зерттеу болашақтың ісі. Дегенмен газет - журнал бетіне шыққан материалды оқып өз бойымызға жақсы жағын алу керектігін түсіндіру. Тәрбие сағаты барсында оқушылар ең алдымен бір – біріне жағымды көңіл – күй сыйлап, жақсы тілектер айтты. «Ворд вол» платформасында 3 топқа бөлініп отырды.
1топ: Тарихшылар.
2топ: Әдебиетшілер.
3 топ: Зерттеушілер.
Тәрбие сағаты барысында 3 топ әр берілген тақырыпшалар бойынша өз ойларын айтып, жүргізген зерттеу жұмыстарымен бөлісті. Топтар «Мәмлүк» сөзінің мағынасын талдау, «Бейбарыстың балалық шағы», «Қолбасшылық қабілеті», «Мысыр мәдениеті» тақырыпшалары бойынша өз ойларын ортаға салды.


Бейбарыс сұлтанның ескеркішінің ашылу салтанатынан бейнебаян тамашалады. Айтылған мәліметтер негізінді әр топ Бейбарыс Сұлтан туралы топтастыру жасап, постерге түсірдіТәрбие сағатымызды қорытындылау мақсатында оқушылар Бейбарыс Сұлтан туралы 5 жолы өлең құрастырды. Тәрбие сағатына кері байланыс ретінде тілек ағашына өздерінің тілектері жазылған алмаларды ілді.
Пән мұғалімдері: Турсынбаева Қ.М Суюмбаева Ф.Ш