Баламен қалай сөйлесу керек? » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Баламен қалай сөйлесу керек?
24
ноябрь
2022

Баламен қалай сөйлесу керек?

Баламен қалай сөйлесу керек?


Көбінесе біз, ата-аналар, өз балаларымызды тәрбиелеу мәселесінде өз-өзімізге деген сенімсіздікті сеземіз. Біз туған-туыстарымыздың көмегіне жүгінеміз, таныстарымыз мен мұғалімдерден қолдау іздейміз. Балақаймен сөйлесе білудің негізгі қағидаларын білу өз бойымыздан жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі және көбірек сенімділік сыйлайды. Біз осы мәлімет шабыт көзіне айналып, балаңызбен күнделікті өмірлік жағдайларда әрекеттесудің жақсы бастамасы болады деп үміттенеміз.

Балаға ұнамды сезімдерді көрсетіңіз – балаңызды жақсы көретініңізді көрсетіңіз. Тіл түсінбейтін және өздері сөйлей алмайтын кішкентай бөбектердің өзі сіз көрсеткен махаббат пен қуанышты, қайғы-мұң мен ашу-ызаны ұғынады. Сіз іңкәрлік, күлімсіреу, әңгімелесу және басқа да шаттық пен ынта-ықылас белгілері арқылы қамқорлығыңыз мен махабаттыңызды көрсеткенде балада сенімділік пен ортақтық сезімін тудырасыз.

Балаңыздың қажеттіліктері мен тілектерін түсінуге тырысыңыз, мүмкіндік туа сала, оның бастамаларына қосылыңыз. Балаңызбен қарым-қатынысыңыз мейлінше үйлесімді болуы үшін оның күйіне, сезімдеріне және қалауларына мұқият болуыңыз қажет. Егер сіз балаңызға ілесіп, оның айналысқан әр ісіне қосылсаңыз, өзара тиімді диалог құру оңай болады.

Балаңыз қызығушылық білдірген кез-келген тақырыпта әңгіме құрыңыз, «әңгімені» ым-ишараттан, дыбыстардан және сезім білдіруден бастауға тырысып көріңіз. Осындай көзқараспен, ым-ишаратпен, дыбыстармен, күлімдеумен және ұнамды эмоциялармен жүргізілетін алғашқы «әңгімелесу» сіз және балаңыз арасында берік байланысты дамыту үшін аса маңызды. Байланыстың мұндай алғашқы түрі тілдесуге үйрету үшін де маңызы зор, әрі тіл дамытудың негізі болып табылады.

Баланы мақтаңыз және қолпаштаңыз, оның жасауға тырысқан әрбір ұнамды ісін бағалайтыныңызды көрсетіңіз. Неге ұнамды екенін көрсететін және түсіндіретін жағымды реакция арқылы бала ненің жақсы және дұрыс екенін үйренеді. Ол, сондай-ақ, сіздің нені қалайтыныңызды және одан қандай әрекеттерді күтетіңізді танып-білуге үйренеді. Бұл өте маңызды, себебі, баланың әрекетін мақұлдау және мақтау оның ар-намысының, өз-өзіне сенімділігінің және бастамашылдығының іргетасын қалайды.

Баланың назарын сіздің барлығын онымен бірге бастан кешіретініңізге аударуға көмектесіңіз. Көзқарас, жанасу және сөйлесу арқылы сіз балаға онымен бірге бастан кешіретін және бірге жасайтын әр іске атсалысуға көмектесесіз.

Осы арқылы сіз балаңызға ерекшеленіп тұратын және қызығушылық тудыратын уайымдарды және әсерлерді сезуге және сезінуге жәрдемесесіз. Бірлесіп уайымдау ортақтықты сезіну үшін және баланың сіздің көмегіңізбен қоршаған әлем туралы жаңа мәліметтерді біле алуы үшін маңызды. Бастан кешіріп жатқан жайттың мәнін ашып көрсетіңіз. Осы жайт туралы әңгімелесе отырып, заттарды және адамдарды атай отырып, өз сезімдеріңізді көрсете отырып, қызығушылығыңызды таныта отырып және болып жатқан жайттың маңыздылығына баса назар аудара отырып, сіз балаңызға сезімді мән-мағынамен байланыстыруға, демек – қоршаған ортамен мағыналы байланыс орнатуға көмектесесіз.

БАЛАҒА ӨЗ ОЙЫҢЫЗДЫ ТҮСІНДІРЕ ОТЫРЫП, ҚОРШАҒАН ӘЛЕМДІ ЖАҚСЫРАҚ ТҮСІНУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ.

Түсінікті түсіндіру – күнделікті жайттар қалай орын алады, сезімдер бір-бірімен қандай байланыста, сезімдеріңіз туралы қалай ойланатыңызды түсіндіру арқылы сіз балаңызға айналадағы әлемді және сіздің өзіне деген сезіміңізді жақсырақ түсінуге көмектесесіз.

БАЛАҒА ӨЗІН-ӨЗІ ҚАДАҒАЛАУҒА ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ӘЛЕММЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДА АЛДЫН-АЛА БОЛЖАУҒА БОЛАТЫН БАЙЛАНЫСТАР БОЛАТЫНЫН ТҮСІНУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ.

Балаңызға айналадағы әлеммен қарым-қатынастарын түсінуді және реттеуді үйрену үшін нұсқау мен көмек керек. Бала өз әрекеттері арасындағы байланысты түсіне білуге үйренгені маңызды.


 Баламен сөйлесудің 10  ережесі.

 1. Үйге ашығып келмеңіз. Ашыққан адам шыдамсыз ,мазасыз болады.

2. Өте шаршап қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл-ой жүктемелер өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі. Жұмыстағы қиындыққа бала кінәлі емес.

3. Кызметіңіз туралы айтқанда бала қызметтің одан маңызды екенін сезінбесін.  Кызметіңіз сізге ұнайды, баланы-жақсы көресіз.

4. Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды. Ас дайындауда немесе басқа жұмыс барысында келген баланы итермеңіз . Бала-бұл адам ,  ал кешкі ас пен жұмысты күтуге болады.

5. Бала көмекші әрі отбасының теңқұқылы мүшесі. Ыдыс жуу, еден жуу сияқты үйдегі ең ұнамсыз жұмыстарды тапсырып ,  баланы жалықтырмаңыз.  Неге қоқыты бала төгу керек?  Себебі, сіз бұйырасыз!

6. Бала арқылы мен білемге салмаңыз. Сіз ересексіз ,сондықтан көп білесіз. Егер де балаңыз басқалармен салыстырғанда өзіне , өз күшіне сенімді болсын десеңіз , бала ересектердей ой түйетінін сезетіндей сөйлесіңіз.

7. Жұмыс-бұл жанұяны қамтамасыз ететін құрал. Егер өз өміріңіз үшін жұмыс маңызды болса, бала өзін бақытсыз сезінеді және тез ержетуге асығады.

8. Тыңдай біліңіз. Көпшілігімізге баланың ісішала, сөзі маңызды емес деп санаймыз. Ол кішкентай болғанмен «глобальды»  болуы мүмкін.  Негізінде оның ісі мен сөзі өзіміз сияқты маңызды.  Егер балаға сондай көзқарас танытсаңыз, онда ешқандай сенімділік болмайды.

9.  Баламен кеңесіңіз.  Өз ойларыңыз бен уайыммен бөлісіңіз.  Ақыл – кеңес сұраңыз және соған жүгініңіз.

10.  Тілім нан үшін қинай бермеңіз. Балаңыз Сізден материалды тәуелді екенін айтудан қашыңыз.  Балада сізге ауыртпалық түсіремін деген ой туады, бұл баланы жаралайды... Қарттық шағыңызда осындай жағдайлардан ұялуыңыз әбден мүмкін.