Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу 8-9 сынып Ата-аналармен оқушылардың бірлескен жиналысы
«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2022-2023 оқу жылында ата-аналар оқушылармен бірлескен жиналыстың өтілуі туралы
Хабарлама
Жолдан таю, түкке тұрмайтын ақымақтық жасау, үлкендердің тізгінімен кету. Өкінішке орай, жасөспірімдер өздерінің қателіктерін бірден түсіне бермейді, соның салдарынан жасөспірімдер құқықбұзушылыққа ұшырайды. Жасөспірімдер қылмыскерлігі Қазақстандағы өте көкейтесті мәселе екендігі күмән туғызбайды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтері бойынша жыл сайын қылмыс жасаған жеті мыңға жақын жасөспірімдер анықталады, соның ішінде тең жартысына жуығы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Жасөспірімдердің жауапкершілігі мен жазаларының ерекшеліктері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде (әрі қарай - ҚР ҚК) бекітіліп, дербес VI тармаққа бөлінген. Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары қолданылатын, қылмыс жасаған уақытта жасы он төртке толып, бірақ он сегізге толмаған жасөспірімдер кәмелетке толмағандар болып саналады.
PRI («Халықаралық түрмелік реформа» ұйымы) мәліметтері бойынша Қазақстанда төрт тәрбиелік коллониялар және қыздар үшін бір жергілікті учаскі қызмет жасауда. Тәрбиелік коллонияларда 400 астам кәмелетке толмағандар ұсталып отыр. Қазіргі уақытта республикамызда 20 мыңнан астам ауытқымалы мінез-құлықты балалар, 16 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалар анықталған. Әлеуметтік жағымсыз жағдайда, қажетті білім және тәрбие алмай, 34 мыңнан астам балалар тұрып жатыр.
Осы мақсатта, 8-9 сынып ата-аналары, оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында әлеуметтік педагог Ақбар Л.Б. түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмысы барысында жасөспірімдердің құқықбұзшылығы жағдайында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 6-БӨЛІМ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ туралы ақпарат берілді.
80-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi
82-бап. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау
83-бап. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
84-бап. Тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары
85-бап. Тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды қолдану мерзімдері
86-бап. Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату
87-бап. Кәмелетке толмағандарға жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру
88-бап. Ескіру мерзімдері
89-бап. Сотталғандықты жою мерзiмдерi
90-бап. Осы бөлiмнiң ережелерiн он сегiзден жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға қолдану
Әлеуметтік педагог: Ақбар Л.Б.