Кезектен тыс отырыс № 1 » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2021

Кезектен тыс отырыс № 1

«Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Қамқоршылық кеңесі


Кезектен тыс отырыс



          Мерзімі: 12.10 2021 жыл

                        15: 30

                                                                            Қатысқандар: 12 адам  (қорғаушылық

                                                                                 кеңесінің мүшелері, мектеп директоры, әлеуметтік педагог, ДТІЖО)



                            Күн тәртібі:

  1. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы немесе төрайымын сайлау.
  2. Қамқоршылық кеңесінің мақсаты,бағыттары,функцияларымен таныстыру.



Тыңдалды.


Тыңдалды: Мектеп директоры Жумабеков Бекзат қамқоршылық кеңестің мақсаты мен міндеті туралы таныстырып өтті.) қамқоршылық кеңестің мақсаты:білім беру ұйымына қолдау көрсету,қаржылық қолдауды қамсыздандыруда ,материалдық –техникалық базасының нығайуына септесу,сондай-ақ ,оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу екенін айтты . Қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттарымен функцияларымен де таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесінің бағыттары:білім беру, әлеуметтік-мәдени ,сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс –шараларға көмек көрсету. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен мен жұмыспен қамтылуын жақсарту. Білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу мен білім беру ұйымы басшылығының қамқорлық кеңесі алдындағы есебін тыңдап қабылдау керектігі туралы айтты. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері сайланған болатын, Кеңес құрамына   жергілікті атқарушы  және құқық қорғау өкілдері,комерциялық емес ұйымдардың өкілдері ,ата-аналар  комитеті ұсынған әр сынып ата-аналары,қайырымдылық жасаушы (спонсорлар)бар екендігін оның құрамы  қалалық білім бөлімінің басшысымен бекітілгенін айтып өтті..Бүгінгі жиналыстың мақсаты қамқоршылық кеңестің төрағасын,хатшысын  сайлау керектігін айтты.

Шығып сөйледі: Зауланбаев Абдиғали (ауыл ақсақалдар комитетінің төрағасы) қамқоршылық кеңесінің төрағасын сайлау үшін  мектептен үнемі тығыз байланыс жасайтын, жауапкершілігі бар, бос уақыты бар кісі керек екендігі айтылды. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін қамқоршылық кеңестің төрайымы болып келген Арпабай Гүлжанның жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, қамқоршылық кеңес төрайымы ретінде қызметін ары қарай жалғасыра берсе деген ниетін білдірді. 

Шығып сөйледі: Елеуова Шолпан ата-ана Арпабай Гүлжанның  үнемі мектеппен байланыс жасап тұратындығын айтып,төрайымы болып сайлауына ұсыныс жасады.

Шығып сөйледі: мектеп директоры Жумабеков Бекзат Омарұлы кеңес құрамының жұмысын бастауына сәттілік тілей отырып ,осы мүшелердің мектеппен үнемі тығыз байланыста болуына,   демеушілердің мектептің материалдық базасының нығайуына өз үлестерінін қосатынына сенім білдірді.


Шешім :


  1. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып Арпабай Гүлжан Амантайқызы сайлансын.


  1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру,қайрымдылық жұмыстарын жүргізу алға қойылсын .


  1. Мектептің материалдық базасының нығайуына үлес қосу,оның қызметіне бақылау жүргізу қамқорлық кеңесінің мүшелеріне жүктелсін 


  1. Қамқоршылық кеңестің іс-құжаттарын реттеп отыру мектептің әлеуметтік педагогы Ақбар Л.Б. міндеттелсін.






Төрайым:                                Арпабай Г.А

Хатшы:                                 Ақбар Л.Б.