Мектептік тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу
«Қарағаш орта мектебі» МКМ-де «Мектептік тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу» комиссияның асхананы тексеру жөнінде
АНЫҚТАМА
Қ.Р Білім және Ғылым министрінің 2018 ж 31қазанындағы «Мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру» туралы №598 бұйрығының 60-70 тармақтарын басшылыққа ала отырып, 2023 жылдың 28 қыркүйек күні оқушылардың білім алуын қамтамасыз ету және оған жағдай жасау мен бөлінген қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуына қамтамассыз ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, мектеп асханасына тексеру жүргізілді.
Тексеру қортындысы бойынша : 1. 2023-2024 оқу жылына арналған мектептегі әр түрлі санаттағы (көп балалы, аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, сәтсіз отбасы) білім алушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамассыз ету үшін ата-ата аналардың өтініші бойынша тізім жасақталып, бекітілген.
2. Мектеп оқушыларының тамақ тамақроционы бойынша бірынғай стандарттар (жалпы білім беретін ұйымдарда мектеп оқушыларының тағамын ұйымдастыруға арналған 4 апталық ас мәзірі) әдістемелік нұсқаулығы нәтежесінде 7-18 жас аралығындағы оқушылар үшін бір мезгілдік ыстық тамақтың преспективалық ас мәзірі бекітілген.
3. Ас мәзірі, сыныптардың тамақтану кестесі бар, мектеп әкімшілгі комиссиясы кестесі
ілінген. Тамақтану мерзімі қойылып ережелер талапқа сай сақталған.
4. Ұсынылған ас мәзірі апта сайын міндетті қайталанып отыру басшылыққа алынған.
5. Күн сайын бракераж журналын мектеп медбикесі толтырып қадағалап отырады.
6. Күн сайын әзірленген дайын тамақтың сапасын, тамақтың дайындалу кезіндегі тазалықтың сақталуы, оның бір қалыпты ыстық күйде болуын, тағамның өлшемі мен дайындалу технологиясының бекітілген ас мәзіріне сай орташа құнарлық 646.2ккал
7. Асханада буфеттік тағамдар сатылмайды, тек бір мезгілдік ыстық тамақ беріледі.
8. Асхана шағын ынғайластырып жасалған, бөлме таза, ыдыстар жуылып орыналастырылған.
9. Тоңазытқыш жұмыс істеп тұр, азық түліктер салынған.
11. Кәсіпкердің уақытында азық-түліктерді уақытында жеткізіп отыруы қадағаланған.
12. Тағам өнімдерінің келісім шарттары мен серификаттарының мерзімдері талапқа сай.
13. Жалпы асхананың санитарлық жағдайы жақсы, аспаздардың киімі талапқа сай.
Комиссия мүшелері:
Мектеп директоры: Б.О.Жумабеков
Әлеуметтік педагог: Серік Данна
Медбике : Г.Бакирова
Ата-аналар төрайымы: А.Сүлейменова
«Қамқоршылық» кеңес төрайымы: Г.Арпабаева