Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 2022-2023 тамақтандыру сапасын бақылау бракераж комиссиясының асханасын тексеру Актісі №2
Бракераж комиссия мүшелері:
Толегенова С.А.- ДТІЖО
Ақбар Л.Б.- әлеуметтік педагог
Ажибиева Р.Т- кәсіподақ төрайымы
Бакирова Ғ- медбике
Арпабай Г- Қамқоршылық кеңес төрайымы
Күн тәртібі:
1 Мектеп асханасының санитарлық жағдайы.
2. Тамақтандыруда әзірленген астың сапасы.
Тексеру мақсаты: Асхананың санитарлық жағдайы.Азық-түлік сапасын тексеру, тамақты дайындау технологиясын, асхананың тоңазытқыш-технологиялық жабдықтарын тексеру, дайын тамақтар мен азық-түліктің сақталу талаптарының орындалуын тексеру.
Тексеру барысында анықталғаны:
1.Мектеп асханасында екі адам жұмыс істейді, медициналық кітапша және жұмысқа жарамдылық рұқсаты асхананың барлық қызметкерлерінде бар. Асхананың санитарлық жағдайы жақсы, ылғалды жинау жұмыстары дер кезінде жүргізіледі, терезенің алды, үстелдер, стеллаждар, ыдыстар өз орнында таза, еден жуылған, асхана іші таза , тазалығы үнемі қадағаланады.
2.Жаппай оқыту қоры қаражаты есебінен аз қамтылған отбасы балалары үшін тегін тамақпен 21 оқушы қамтамасыз етілген. Адам басына бір тамақтану құны 500 теңгені құрайды.
Ас ішу блогында 1 тоңазытқыш бар, оларда температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Күн сайын аспазшы дайын тамақтың тәуліктік бақылауын іске асырады. Ас ішу блогынын өндірістік аумағында, шкафтар, стелаждар, санитарлық-техникалық жабдықтар жақсы жағдайда. Ас ішу үстелдері ыстық сумен жуғыш құралдарды қосу арқылы жуылады.. Мектеп медбикесі бракераж журналына күн сайын толтырады. Асхананың санитарлы-гигиеналық жағдайы жақсы.
3. Асханада тыйым салынған тағамдар мен қуырылған тағамдар анықталған жоқ.
4. Ас мәзірінде:
Алма 200 гр / 200 гр / 200 гр
Нан (қара, ақ) 20 гр / 35 гр / 35 гр
балғын көкөніс салаты 50 гр / 60 гр / 60 гр
шәй қантпен 55 гр / 60 гр / 60 гр
Пісірілген тауық 28 гр / 33 гр / 33 гр
Макарон 45 гр / 50 гр / 50 гр
сары май 5 гр / 6 гр / 6 гр
Тағамдардың белгіленген мөлшерге сай келеді.
Қорытынды:
1. Мектеп асханасында бракераж комиссиясының санитарлық жағдайының бақылау жұмысы жалғастырылады.
2. Оқушылардың дұрыс тамақтануын үнемі бақылау;
3. Тыйым салынған өнімдерді асханада сатылуына жол бермеу.