Әдістемелік жұмыс 3 тоқсан талдау есебі » Қарағаш орта мектебі
"Алматы облысы білім басқармасының
"Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Қарағаш орта мектебі"
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72773) 53-2-50
Есепші бөлімі:
+7(72773) 53-2-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әдістемелік жұмыс 3 тоқсан талдау есебі
28
март
2025

Әдістемелік жұмыс 3 тоқсан талдау есебі

«Қарағаш   орта  мектебі» мемлекеттік коммуналдық  мекемесінің  

2024 - 2025  оқу   жылындағы  ІІІ  тоқсанда әдістемелік жұмыстың атқарылған жұмысына талдау есебі

Мектептің әдістемелік тақырыбы: Сабақтың тиімділігін арттыру үшін нәтижеге бағытталған оқыту технологияларын қолдану.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс мақсаты: Сабақтың тиімділігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін мұғалімдердің педагогикалық шеберлік деңгейін, олардың пәндік саладағы эрудициясы мен құзыреттілігін, инновациялық технологияларды шығармашылықпен меңгеруін үздіксіз жетілдіру.

  Ғылыми-әдістемелік жұмыс міндеттері:

·Білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін игеру арқылы оқытудың жоғары сапасы мен тиімділігіне қол жеткізу бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын жалғастыру

·Оқыту сапасын арттырудың тиімді тәсілдерін зерттеу, білім беру үрдісіне еңгізу

·Әдістемелік   кеңестерде оқытудың өзекті мәселелерін талқылау, басқа білім беретін ұйымдардың   озық тәжірибелерімен таныстыру

·Білім беру процесінде ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдануды жетілдіру.

·Мұғалімдердің тәжірибелерінде өзгертулер еңгізу барысында туындаған қиындықтарды жоюда кәсіби қолдау көрсету, әдістемелік көмек ұйымдастыру

·Білім беру қызметін ұйымдастырудағы жаңа тәсілдерді зерделеу және білім алушылардың нәтижелерін бағалау бойынша мұғалімдердің жұмысын жандандыру

·Педагогикалық ұжым мүшелерін өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру. 

·Педагогтердің оқыту, тәрбиелеу және қосымша білім беру саласындағы озық және оң педагогикалық тәжірибесін таратуды жалғастыру.

·PISA,TIMSS -халықаралық зерттеу жұмыстарына дайындық жүргізу, жаратылыстану пәндерінің оқытылуын жетілдіру;


Семинарлар


Қаңтар айының 21 жұлдызында Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы базасында «Бастауыш сыныпта олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында облыстық тәжірибе тарату алаңы өтті. Алаңға бастауыш сынып мұғалімдері Жакенбаева Г.Б, Қайыпбек Ә.Ә, Тұрсын А.М қатысып қайтты.

Қаңтар айының 22 жұлдызында Жамбыл ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде «География сабағында PISA форматында тапсырмаларды қолдану әдістері» тақырыбында өткен тәжірибелік алаңға география пәнінің мұғалімі Асылбаева Гульшат Далигуловна қатысып қайтты.

Қаңтар айының 28 жұлдызында Бірлік орта мектебінде «Инклюзивті білім беруді заманауи әдістер арқылы дамыту» тақырыбында өткен семинар-практикумға оқу ісі жөніндегі орынбасары Серік Д, педагог-психолог Жакенбаева Г.Б, дефектолог Оспанбаева Г.А, логопед Қайыпбек Ә.Ә қатысып, педагог-психолог Жакенбаева Г.Б «Инклюзивті білім алушының оқуы мен дамуын трансформациялауда түзету-дамыту жұмысының ерекшелігі» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында педагог-психолог Жакенбаева Г.Б өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

  


Ақпан айының 19 жұлдызында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Надирбекова Гулжан Байконысовна Ақкөл орта мектебі базасында өткен «Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы» аудандық семинарға қатысып қайтты.

20.02.2025 жылы №1 Жамбыл орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық семинары өтті. Семинардың мақсаты:
 «Қазақ тілі сабағында оқу сауаттылығын арттыру мақсатында мәтін түрін түрлендіру жолдары».   Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразалиева Гульбану Амантаевна «Тұтас мәтінді аралас мәтінге айналдыру» тақырыбында шебер сынып көрсетті және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серик Жанна Сериковна 3-бөлім Мен балаң жарық күнде сәуле қуған... бөлімі бойынша 6 сынып оқушыларымен «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінен үзінді. Кейіпкерлер әлемі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Мақсаты: "Тортай мінер ақ боз ат" әңгімесінің жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды. Кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып отырып баға беру. Сабақта "Қабырғадағы сурет" әдісі, "Лейс" әдісі, топпен жұмыс ретінде "Тұжырымдамалық карта" әдісі, тірек сөздерді қолдана отырып жұппен жұмыс, "Ретін тап" әдісі бойынша жеке жұмыс, оқулықпен жұмыс, "Wordwall" платформасы арқылы сәйкестендіру тапсырмалары орындалды. Семинар соңында әріптестер тарапынан талданып, кері байланыс алынды.

https://www.instagram.com/p/DGfYbK0gh3M/ инстаграмм желісіне жарияланды.

19.02.2025 ж күні аудандық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық   сауаттылығын қалыптастыруда интербелсенді оқытудың маңызы» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: алушылардың функционалды сауаттылығын дамытудың әр түрлі жолдарын ұсыну.

Міндеттері: 
 1. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік, психологиялық және педагогикалық негізін талдау.
 2. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін анықтау.
 3. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру.

Семинарға аудандық оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Сабирова Мария Файзуллаевна және аудан бойынша 21 мектептен   бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. 2 мұғалім ашық сабақ, 3 мұғалім шебер сынып өткізді.

           Оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Сабирова М.Ф аудандық семинарлардың өтілу маңыздылығын айтып, қатысушыларға сәттілік тілей отырып семинарды ашып берді.

            «Қарағаш орта мектебі» МКМ-нің педагог-психологы Жакенбаева Г.Б келген қонақтармен  тренинг өткізсе, Толегенова С.А «Болымды және болымсыз етістік» үздік сабақ көрсетті.

Сабақтың мақсаты:Болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау. Кең жолды дәптер бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей жəне біркелкі жазады, жазу қарқынын жеделдету. 

             Сабақ басында психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Біз қандаймыз?»  тренингі жүргізілді. Үй тапсырмасы сұралып сабақ бойында  жүргізілетін бағалау жұмысы түсіндірілді. Бағалау «Бәйге» ойыны арқылы жүргізілді. Сабақ барысында ұжымдық , жұптық , топтық, жеке жұмыс түрлері жүргізілді. Сабақ кезеңдерінде сабақ тақырыбы мен мақсатына сәйкес платформалар мен әдіс-тәсілдер қолданылды. 


            Сабақ семинарға қатысушы ұстаздардың пікірі   бойынша "өте жақсы" деп бағаланды


       Кожалакова Г.К «Тыйым сөздер» Әжемнің өзі-бір мектеп, үздік сабақ көрсетті. Сабақтың мақсаты: 1 ) тірек сөздерді пайдалана отырып,өз ойы мен сезімін  жеткізу.2) шығармашылық жұмыспен айналысады; мұғалімнің көмегімен жаман-жақсыны ажырата алу дағдысын артыру.Сабақ түрі аралас сабақ .Сабақ кезеңдері: сабақтың басында ұйымдастыру кезеңі  және психологиялық ахуал орнатылды.үй тапсырмасы «Тұсаукесер» өлеңін жатқа айтылды.Тақырыпқа байланысты ашық сұрақтарды оқушылар бір-біріне қойып , толық жауаптар алынды. « LearningApps»платформасы арқылы «Бәйге» ойыны , арқылы өткен тақырып пысықталды.Сәйкестендіру тапсырмасы орындалды.Оқушылар жаттаған өлең жолдарынан басқа «Тұсаукесер» шығармасының өзгеде нұсқасын орындады.Оқушыларды сабақтың басында бағалау ережесін пысықтап, дескрипторымен таныстырылды.Жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларға акт арқылы суреттер ұсынылды.Ондағы суреттерде көрсетілген бейнелер ненің белгісі және оларды қай жерден кездестіруге болады ? деген сұрақтар қоя отырып жаңа тақырып ашылды. Сабақтың мақсаты айтылды.Тыйым сөздер туралы түсініктері сұралды. Шығарма авторының қысқаша өмірдерегімен таныстырылды.Өлең жасанды интеллект арқылы тыңдатылды.Сөздік жұмыс жүргізілді.Оқушылар өздері тізбектеп өлең жолдарын оқып шықты.Шығарма мазмұны бойынша «Тарсия» әдісі арқылы сұралды.Топтық жұмыста оқушылар белсенділік танытты.  Жұптық тапсырмада шығармадағы тыйым сөздерді тауып  бір-біріне оқып берілді.Әр тапсырмаса сайын дескриптор арқылы өздерін бағалап отырды. Жеке дара белсенділік танытқан оқушыларға формативті бағалау жүргізіліп отырылды.Сергіту сәті  тақырыпқа байланысты күйге сүйемелдеп жаттығу жасалды.Саралау тапсырмалары орындалғанда оқушылар АВС оқушылар бойынша тапсырмаларын орындады. А –оқушылары  каллиграмма арқылы «Тыйым сөздер» тақырыбына әңгіме жазды.В –оқушылар сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді  дұрыс тауып жапсырмалады.С-оқушылар суреттер бойынша тыйм сөздерге  қатысты өз ойларын ортаға салды. Сабақты қорытындылай келе сабақтың мақсатына қайта оралып жаңа сабаққа байланысты  тест тапсырмасы ұсынылды. Оқушылар үш нұсқаның бірін таңдау арқылы  алдарындағы тақтайшаларына белгілеп отырды. Оқушылардың сабақ бойы өздерінің білімдерін бағалауларына тоқталды. Және мұғалім тарапынан кей оқушылардың өз-өздерін бағалауларына дескриптор арқылы түзетулер жасалды.Сабақ соңында «Білім қоржыны» асықтар арқылы  кері байланыс жасалды.

         Ажибиева Р.Т «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» шебер сынып көрсетті. Мақсаты:Бастауыш сынып мұғалімдеріне функционалдық сауаттылық ұғымының маңыздылығын түсіндіру; Сабақ барысында оны тиімді дамыту тәсілдерін көрсету; Инновациялық және креативті әдіс-тәсілдерді ұсыну; 

       Сабақ қызығушылықты ояту «Бинго» әдісі арқылы жүргізілді. Әріптестер бұл әдісті сабақта өткен сабақты  пысықтау  барысында қолдануға  болатыны туралы  мағұлмат алды. Сабақ барысында Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? және функционалдық сауаттылықты дамыту тапсырмалары көбіне PIRLS және TIMSS тапсырмаларымен ерекшеленетіндігі туралы теориялық білім алды,өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті.Мотивациялық кезеңде:

“XXI ғасыр дағдылары” тақырыбындағы  қысқаша бейнематериал тамашалап, мұғалімдер - «Қазіргі оқушыларға қандай дағдылар ауадай қажет?» сұрақ төңірегінде құнды пікірлерімен бөлісті. Практикалық бөлімде топтық жұмыс жүргізілді.  I топ:Дүние қалай етсең табылады? (Әдеби мәтін) Мәтіні   бойынша функционалдық   сауаттылыққа тапсырмалар құрастыру.

 II топ: «Ақымақ қасқыр» (Әдеби мәтін) Мәтіні бойынша функционалдық  сауаттылыққа тапсырмалар құрастыру. III топ : «ПОПС» формуласы  әдісі.   «Жолбарыс пен түлкі»                        (ертегі ).Сабақта жұптық, жеке жұмыстар жасалды. Бекіту кезеңі «2 қадам» әдісі арқылы жүргізілді: Берілген екі қадамның бірін таңдай отырып ,таңдау себебін мысал кетіре отырып түсіндірді.


 Қорытындылай келе функционалдық сауаттылық – XXI ғасырдың маңызды білім беру тренді. Ол оқушыларды өмірлік мәселелерді шешуге, ақпаратпен жұмыс істеуге және шығармашылықпен ойлауға үйретеді. Қазақстанның білім беру жүйесінде бұл бағытты дамыту – заман талабы. Финляндия тәжірибесін қолдана отырып, біз де оқушыларымыздың білімін өмірмен байланыстыра алатын тұлғаларды тәрбиелей аламыз.
          «Бала функционалдық сауаттылықты дамытқан кезде өмірдің кез келген қиындығына дайын болады. Бастауыш сынып - осы маңызды сапаны қалыптастыратын алтын кезең. Сондықтан әрбір сабақ -  өмір мектебінің бөлшегі» екені шебер сынып барысында айқындалды. 

Сабаққа  қатысқан ұстаздар «Ақыл картасы» әдісі арқылы рефлексия жасап, пікірлерін білдірді. Сабақ өте жақсы  деңгейде өтті деп бағаланды.

            «М.Сеңгірбаев атындағы орта мектеп МДШО»  МКМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Нурекеева А.К «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы тиімді әдіс-тәсілдер» шебер сынып, «Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясы МДШО» МКМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Тажикулова Б.М «Күнделікті өмірдегі математика» шебер сыныптар өткізіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Соңында аудандық оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері Сабирова М.Ф семинарға қорытынды баға беріп, өз іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерді аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапаттады. 

    Б.Бейсекбаев мектеп- гимназиясында 26.02.25 ж  өткен “АКТ және білім беру: Бүгінгі күннің талаптарына сай оқыту әдістері” тақырыбында облыстық семинарына орыс тілі пәні мұғалімі Надирбекова Г, математика пәнінің мұғалімі Нильдибаева Г  қатысып, білім беру жүйесінде АКТ  және ЖИ жаңа мүмкіндіктерін және білікті ұстаздар тәжірибесінен біраз құнды ақпараттар алып келді.

06.03.2025ж күні «Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» №42 орта мектебі» МКМ-де «Эстетикалық пәндерді оқытуда ұлттық құндылықтарды дәріптеу» тақырыбындағы облыстық семинарға көркем еңбек пәнінің мұғалімі Балабай Т.Б қатысып қайтты.


Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін түрлі деңгейдегі біліктілігін арттыру курстарынан өтуде.


2025 жылы ІІІ тоқсан бойынша курстан өткендер:


Мұғалімнің аты-жөні

Пәні 

Курстың тақырыбы, өткен орны

Мерзімі

№ 

берілген күні

1



Жумабеков Бекзат Омарович

Информатика пәнінің мұғалімі

"USTAZ" педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту орталығы

«Информатика пәнін оқытудағы педагоги-калық инновациялар: педагогтердің кәсіби өсуіне арналған тренд-тер мен практикалық стратегиялар»

2025 ж

06.01.2025

№ 321

2

Кадирбаева Хатира Абдихаликовна

Информатика пәнінің мұғалімі

"USTAZ" педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту орталығы

«Информатика пәнін оқытудағы педагоги-калық инновациялар: педагогтердің кәсіби өсуіне арналған тренд-тер мен практикалық стратегиялар»

2025 ж

06.01.2025

№320

3

Оспанбаева Гулзат Айдаровна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Білім беру ұйымдарында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагогтердің құзыреттілігін инновациялық технологиялық қолдану арқылы арттыру 

2025 ж

12.03.2025

№030178

4

Серік Данна Серікқызы

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мектепте жаңартылған білім беру контентіндегі педагогикалық менеджмент

2025 ж

24.01.2025

5

Рамазанова Айгерим Ниязгалиевна

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Білім беру жүйесіндегі менеджмент

2025 ж

14.03.2025

№А02477


Баспа және  авторлық   бағдарламалар


Аты-жөні

Басылым тақырыбы

Баспа атауы

1

Жумабеков Бекзат Омарович

Бағдарламалау тілі - Python

Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал "Қазақстан ұстазы ұлағатты"

2

Жакенбаева Гульнара Бауыржановна

Бала тұлғасының потенциалдық
 мүмкіндіктерін дамытуда НЛП
 әдістерін пайдаланудың тиімділігі

Республикалық ғылыми-танымдық,
 педагогикалық журнал "Ұстаз мұрасы"

3

Қайыпбек Әсем Әскербайқызы

Бастауыш сыныпта оқушылардың
 оқу сауаттылығын дамыту жолдары

Республикалық ғылыми-әдістемелік
 журнал "Жаңашыл Үздік Ұстаз"

4

Турсынбаева Кымбат Модахуновна

XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті

Республикалық ғылыми-әдістемелік
 журнал "Ұстаз - мектеп тірегі"

5

Кожалакова Гулмира Кабдуловна

Тыйым сөздер. Әжемнің өзі - бір мектеп

Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал "Қазақстан ұстазы ұлағатты"

6

Ажибиева Рима Токбазаровна

Тыныс алу мүшелері

"Алматы облыстық білім басқармасы" ММ, "Облыстық әдістемелік орталығы" КММ
 Сабақ беру үрерісі: педагогтің озық тәсілдемесі - сапалы оқыту негізі (әдістемелік жинақ)

7

Балабай Талғат Балабайұлы

Мүсін өнері - қлттық өнердің биігі

Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал "Қазақстан ұстазы ұлағатты"

8

Мейрманов Талдыбай Танкаевич

Мектептегі әскери - патриоттық тәрбие негіздері

Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал "Қазақстан ұстазы ұлағатты"

9

Надирбекова Гулжан Байконысовна

Берегите воду!

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал "Педагог шеберлігі"

10

Серик Жанна Сериковна

Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын дамыту

Республикалық     ғылыми-әдістемелік журнал "Үздік ұстаз"


Дарынды оққушылармен жұмыс


                Республикалық «Бастау» (Математика) олимпиадасына   4-сынып оқушылары Сембай Р, Сәлім Б қатысып, жүлделі I дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі: Ажибиева Р.Т.


 «Бастау» оқу-ағарту қолдау қоғамдық  қоры ұйымдастырған  «Бастау »ұлттық сайысына 4-сыныптан 6 оқушы қатысып жүлделі орындарды иеленді.


   


   


         Қаңтар айының 30 жұлдызында "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебімізден үш оқушы қатысып қайтты. Нәтижесінде: "Жас қаламгер" бағытынан 9 сынып оқушысы Тұрсын Нұргелді 3-орын. Жетекшісі: Азимбаева Мейрамкул Омаровна. "Білгірлер бәйгесі" бағытынан 8 сынып оқушысы Ғалымқызы Айжан жүлделі 2-орын алды. Жетекшісі: Серик Жанна Сериковна.

18-20 наурыз аралығында өткен Бастау оқу -ағартуды қолдау қоғамдық қорының ұйымдастырылған 5- 11 сынып оқушыларына арналған жалпы пәндік “Талапкер” республикалық олимпиадасына -33 оқушы, 1-4 сынып оқушыларына арналған «Дарабоз» олимпиадасына – 4 оқушы қатысты. 

      Айқанат олимпиадасына облыстық кезеңіне 8- сынып Нақысбек Айбаршын, Болатқызы Жания қатысып қайтты. Пән мұғалімі Рамазанова Айгерім. 

Urker Mitec орталығының ұйымдастыруымен өткен Бастау Республикалық олимпиадасына математика пәнінен  5-  сынып оқушылары Жақып Айзере, Жұмахан Айқын, Охан Сұлтан, Өмірғалиқызы Жансая, Жұман Айару қатысып,  І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

   


  02.03.25 ж Б. Бейсекбаев атындағы мекеп- гимназиясында математика пәнінен өткен Шалтай Смағұлов олимпиадасына 7-сынып оқушысы Батырхан Асылан мен Бақытқали Аружан қатысып, Батырхан Асылан ынталандыру грамотасымен марапатталды.


«Ақбота» зияткерлік олимпиадасы

Қатысушының аты-жөні

Сыныбы

Орны

Жетекшісі

1

Шайқысылам Айша

8

IІІ дәрежелі диплом

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Надирбекова Г.Б

2

Ардаққызы Балжан

7

ІІ дәрежелі диплом

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Попова Е.В

3





4







Апталық, онкүндіктер


Қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігінің 24.01 -30.01   аралығында  «Тіл мен тарих ғасырлар куәсі»  атты апталығы өтті

        24 қаңтар күні қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігінің «Тіл мен тарих ғасырлар куәсі» тақырыбындағы апталықтың ашылуы болды. Қаңтар айының 28 күні 9-сынып оқушыларымен "Үш бәйтерек-үш алып"   тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азимбаева Мейрамкул, кітапханашы Әбдіғали Гүлімнің ұйымдастыруымен әдеби өнеге кеші өтті. Мақсаты: оқушыларымызды ұлтымыздың үш бәйтерегі атанып кеткен  Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды өнер,қоғам қайраткері болған арыстай ер азаматтарымыздың, ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқып үйренуге баулу.


 29.01.2025 ж күні тарих пәнінің мұғалімдері Турсынбаева К.М және Суюмбаева Ф.Ш ұйымдастыруымен  6 – 7   сынып оқушылары арасында «Тарих ғылым атасы» тақырыбында интеллектуалды ойын сабағы  өтті.  
 Мақсаты:  Оқушылардың ойлау қабілетін, ой   ұшқырлығын, оқуға ынтасын 
арттыру.Оқушыларға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, тарихи мәдениетке, ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, тарихқа деген қызығушылықтарын арттыру 


31 қаңтар күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Надирбекова Г.Б 5 - 6 сынып оқушыларымен бірге «Интеллектуалдық марафон!»    тақырыбында сыныптан тыс іс шара  өткізді. Мақсаты: познакомить детей с богатством русского языка; расширить словарный запас, прививать любовь к русскому языку и литературе; сформировать глубокие знания по предмету; развивать логическое мышление, речь, умение работать в группах; повысить интерес к учению; воспитывать чувство ответственности, взаимопомощи, сопереживание.


   


                    Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығының аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі:Жылкайдарова А ұйымдастыруымен 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен "Brain ring" интеллектуалды сайысы өтті. Мақсаты:Оқушылардың ағылшын тіліндегі білімін тереңдету.Командалық жұмыс дағдыларын дамыту.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. 

  


https://www.instagram.com/reel/DFZpn_nMtHj/?igsh=MWJlaTBqdHhvMTR0aA==

Қоғамдық - гуманитарлық пән бірлестігінің апталығына орай орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Попова Е.В. ұйымдастыруымен 7 - сынып оқушыларының арасында" Знатоки русского языка" тақырыбында викториналық сайыс өтті. Мақсаты : орыс тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

  

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Серик Жанна мен Оразалиева Гүлбанудың ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларының арасында KINO TIME: "Қазақтың мақтаныштары" атты сыныптан тыс іс-шара өтті. 

Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеттен танымал туындылар, оқиға кейіпкерлерін еске түсіріп, сұраққа жауап беріп, көрген мультхикая арқылы топтық жұмыс орындап, креативты ойларын жеткізе білуі көрермен ұстаздарымызды тәнті креативты ойларын жеткізе білуі көрермен ұстаздарымызды тәнті етті  




Қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестігінің «Мәңгілік ел құндылықтары: тарих, мәдениет және тілдің тұтастығы»  әдістемелік онкүндік

05.02.2025 онкундігінің ашылуы өтті. Оқушыларға көңілді үзіліс ұйымдастырылып, апталықтың жоспарымен таныстырылды, сонымен қатар әр түрлі қызықты ойындар ойнатылып. Бекітілген  жоспар бойынша ашық сабақтар  толығымен өз деңгейінде өткізілді. 

          6 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серик Жаннаның  6 сынып оқушыларымен  Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі тақырыбы  бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды; Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады. 


                 Сабақ барысында «Қос жазба күнделігі» әдісі бойынша кейіпкерлердің типтерін анықтап жазды. Берілген үзіндіден кейіпкерлердің әрекеттерін ескере отырып, оларды сипаттап жазды. «5 ЖОЛДЫҚ ӨЛЕҢ» әдісі арқылы авторды сипаттап жазды.Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме берді. 



Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Надирбекова Г.Б 07.02.2025 ж күні 8 - сынып оқушыларымен «Уникальные свойства воды» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты  (цель): формулировать проблемные вопросы по тексту;  находить предложения с обобщающими словами при однородных  членах, и объяснять постановку знаков препинания. 

Ашық сабақ оқушылардың сабаққа зейінін арттыру мақсатында ұйымдастыру сәтінде миға шабуыл әдісі жасалды. Тақырып бойынша видеоролик корсетилип, тақырыпты оқушылармен бірге аштық. Сабақ барысы жоспар бойынша өтті. Құрылған тапсырмаларға әртүрлі платформалар қолданылды. PowerPoint слайд жасалды, Wordwall платформасында тапсырмалар құрылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Берілген тапсырмаларды толықтай орындап шықты. 

Оқушыларды топқа бөлу арқылы тапсырмаларды тез, шапшаң түрде орындауға да талап қойылды. Топтардың орындаған тапсырмаларын бағалау жүргізілді. Сабақ соңында кери байланыс алынып, оқушылардың пікірлері тыңдалды. 



07.02.2025 ж күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жылкайдарова А.А 7-сынып оқушыларымен «Buying tickets» (Билет сатып алу) тақырыбында үлгі сабақ көрсетті. Сабақтың мақсаты  негізгі сөздер мен тіркестерді меңгерту, тілдік дағдыларын жетілдіру және оқушылардың күнделікті өмірде ағылшын тілін қолдануға деген қызығушылықтарын арттыру. Тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту.

          Сабақта оқушылар билет сатып алу кезінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін үйренді. Сабақ барысында оқушылар рөлдік ойындар арқылы билет сатып алу процесін көрсетіп, ағылшын тіліндегі сұрақ қою, жауап беру, ұсыныс жасау сияқты дағдыларды жаттықтырды.

Сабақ негізінен интерактивті болып табылды. Оқушылар сабақ басында екі топқа   бөлінді, жұптарға бөлініп, рөлдік ойындар арқылы билет сатып алу процесін сахналап, ағылшын тілінде диалог   құрды. Сонымен қатар сәйкестендіру , тапсырмаларды орынд, сұрақтарға жауап беру, грамматикалық құрылымдарды қолдану дағдысы практикалық түрде жүзеге асырылады.

Күтілетін нәтиже:  

- Оқушылар ағылшын тілінде билет сатып алу кезінде қажетті сөздер мен тіркестерді меңгереді.


 - Оқушылар өз ойларын ағылшын тілінде еркін айтып, сұрақтар қойып, жауап берді 



Қоғамдық – гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігіне орай  тарих пәні мұғалімі Турсынбаева К.М  12.02.2025 ж күні «Қазақтардың 1860 – 1870 жылдардағы азаттық күресі» тақырыбында   қазақстан тарихы пәні бойынша 7 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты: 1867 – 1868  жж Орал, Торғайда және Маңғыстауда болған ұлт-азаттық көтерілістердің себептерін, мақсатын,  барысын   және  нәтижесін  талдау.
 Ашық сабақ барысында оқушылардың назарын сабаққа аударып,  тақырыпқа сәйкес «Жебе» әдісі арқылы  үш топқа бөлді.
 
1 топ «Орал», 2 топ «Торғай», 3 топ «Маңғыстау» 

Өткен материалды еске түсіру мақсатында «Ворд волл» платформасында сұрақтарға жауап берді.

https://wordwall.net/resource/52921577 

 Жаңа сабақтың тақырыбын ашуда «Стоп кадр» әдісін қолданды. Оқушылар бейнебаян көріп сабақтың тақырыбын болжады. Жаңа сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындалды. «Кинометафора», «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы», «Жебе» т.б әдіс – тәсілдер қолданылды. Әр тапсырмаға дескриптор беріліп, оқушылар алған баллдарын бағалау шкаласына белгілеп отырды. Сабақ барысында оқушыларға қалыптасырушы бағалау жүргізіліп отырды. Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынып, бағаланды. Үйге тапсырма берілді.





   


   




            Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразалиева Г.А қазақ әдебиеті сабағынан  12.02.2025 ж   күні 5-сынып оқушыларымен «Менің атым Қожа» Бақаның әлегі тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты: Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.Шығарманың мамазмұнын түсініп, тәрбиелік құндылығы туралы ой қорытады. Сабақ басында оқушылармен психологиялық ахуал жүргізіліп, «Бір шәугім шәй» әдісі арқылы топқа бөлінді. Айналмалы шеңбер арқылы үй тапсырмасы сұралды. 



Видео арқылы жаңа тақырыпты түсіндірді.  Топпен жұмыс болды. Балалар постер қорғады


 Жеке жұмыс.«Сәйкестендір» әдісі. «Сәйкестендір» әдісі арқылы берілген сұрақтарға дұрыс жауапты сәйкестендіріп қойды.

«Білім жүлдесі» әдісі арқылы білім алушылардан бүгінгі өткен сабақ бойынша кері байланыстарын берді

Үйге тапсырма: Қожа мен Жантастың бейнесін  салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, «Венн» диаграммасын толтыру. Сабақ уақытымен аяқталды. Мұғалім өз мақсатына жетті. 


14.02.2025 года   в ГКУ « Средняя школа Карагаш» прошел  открытый урок по русскому языку и литературе. Урок успешно был проведен учителем русского языка и литературы Поповой Е.ВТема урока « Определительные местоимения»Класс : 7

Цели:  Извлекать   необходимую  информацию, сопоставляя и определяя противоречивую информацию; излагать  сжато содержание текста на основе прослушанного и прочитанного или аудиовизуального материала.

 Содержание урока полностью  соответствовало заявленной теме. Урок  состоял   из последовательных , взаимосвязанных этапов. Были созданы  все условия   для интелектуального труда учащихся. Учитель  использовал   такие методы как искусственный интелект, мультимедийные средства, интернет технологии, платформа  ленинг апс. Широко  использовались  также разнообразные  формы работы с учащимися: групповая работа, индивидуальная работа, парная работа.

 Я убедилась в несомненной  эфективности данных уроков и продолжу в этом направлении и вдругих классах


  


17.02-22.02 аралығында бастауыш сыныпта «Жаңаша оқыту- жетістік көзі»  тақырыбында әдістемелік апталық өтті. Мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұны   аясында  оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, сабақта алған білімдерін дамыту. Мектеп файесі талапқа сай безендірілді. Апталықтың ашылу салтанатына бастауыш сынып мұғалімдері жауапты болды. Ашылу салтанатына  4-3-2-сынып оқушылары ат салысып қатысты. Оқушыларға әртүрлі, қызықты тапсырмалар жасырып, тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындай білді.


Әдістемелік апталықта бастауыш сынып мұғалімдері жоспар бойынша ашық сабақтар өткізді. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар алдын- ала жоспарланып,мектеп директорымен бекітілді. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңаша әдіс-тәсілдерді, әртүрлі платформаларды пайдалана отырып керемет ашық сабақтар жүргізді. Апталықта педагог-психолог Г.Жакенбаева бастауыш сынып оқушыларына арналған «Жағымды қарым-қатынас» тренингін жаттығуларын, тимбилдинг ойындарын  ұйымдастырды. Мақсаты: оқу сыныбының ұйымшылдығын арттыру, қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту топта өзара сенімділікті, достықты  нығайту және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зейіндерін тұрақтандырып, шоғырландыру. 

Ақпан айының 18 жұлдызында МАД  тобының тәрбиешісі  көркем әдебиет оқу іс әрекеті бойынша «қайтпай қалған қарлығаш» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, қыстап қалған құстарға қамқорлық жасауға, оларды баптап күте білуге тәрбиелеу. Жаңа сабақты жұмбақ жасыру арқылы тақырыпты ашты.

   

Мұғалім әңгімелеу арқылы қыста бір қарлығаш жылы жаққа ұшып кете алмапты. Сол қарлығаш туралы әңгімені балалар мұқият тыңдауды ұсынады.

Әңгімені тыңдап, балалар сұрақ-жауап арқылы әңгімеден түсінгендерін  сұрақтар арқылы  жауап беріп, әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдланып, тапсырмалар орындатты.

1-тасырма бойынша түрлі түсті қағаздармен балалар құстардың ұясын құрастырып, қағазға желімді пайдаланып  жапсырды. 2- тапсырма бойынша балалар боялмаған  құстардың суретін әр балаға таратып беріп, балалар сол суреттерін бояу арқылы, бояған құстардың суреті жасанды интеллект арқылы жандандыру (ЖИ) арқылы әр балаға  жанданған құстарының суреттерін көрсетті.

Оқу іс әрекет соңында балалар қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауды түсінді, әңгіменің мазмұнын түсініп айта алды, сұрақтарына жауап беріп,  тыйым сөздерді  мұғаліммен бірге барлығы қайталап сабақ қорытындыланды.


Эстетикалық пән бірлестігінің «Өнер-асыл қазына» апталық

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Саухан А.С 11.02.2025ж “ Өнер-асыл қазына” тақырыбындағы Эстетика пән бірлестігінің апталық  жоспарына   сәйкес  Бастауыш сыныптар арасында эстафеталық сайыс өткізілді.

 

Сайыс  бес кезеңнен  тұрды:

  • бірінші кезең жылдамдыққа жүгіріп кедергілерден өту, 
  • екінші кезең  жылдамдыққа кедергілердің арасынан допты жерге ұру  арқылы алып өту,  
  • үшінші кезең  қаппен кедергілер арасынан жылдамдыққа өту, 

  •  төртінші кезең   мергендік садақ ату,  бесінші кезең арқан тартыс.

Сайыстың қорытындысына   сәйкес  

  • 3-сынып бірінші орынды иеленді.
  •  2-сынып екінші орынды иеленді.


 4- сынып  үшінші орынды иеленді,  және де Тұрарұлы Төрегелді, Бақытқали Ақбота , Жанарбек Адина «Үздік спортшы» номинациясымен мараппатталды. 




           АӘД пәнінің мұғалімі Мейрманов Т.Т  12.02.2025 ж күні  “Өнер алтын қазына ” атты эстетикалық пән бірлестігінің аптылығында “Біз жас сарбазбыз” атты әскери патриоттық сайыс өткізді. Сайысқа 5-7 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушылардың сапта жүру дағдыларын, саптық мүмкіндіктерін жетілдіру, оқушылардың туған жеріне сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды Отаншылдық, патриоттық рухта тәрбиелеу. Сайыс басталғанда командирлер сап түзеп, құрмет көрсетілді. ҚР гимні орындалып, екі топ сайысты бөлімдері бойынша бастап кетті.

         Таныстыру бойынша екі топ “Жас сарбаз”, “ Сұңқар”  болып өнерлерін көрсетті. Патриоттық ән бойынша әндерін шырқап, саптық билерін көрсетті. Сұрақ жауап бөлімі бойынша оқушыларға ту, елтаңба, қорғаныс істер жөнінде сұрақтар қойылды.

 


 Екі топтан 2 ұл 2 қыз автоматты шашып жинау бойынша шығып қыздар нормативті орындады. Уақытқа ұлдар кермеде тартылып, қыздар кеуде көтеріп өнер көрсетті.   Ұлдар қыздар  садақ ату бойынша үздік нәтиже көрсеткен  сарбаздар жеке жеке марапатталып кетті. Пневматика бойынша үздік нәтиже көрсеткен сарбаздар марапатталды.  


            Келесі бөлімде  алғашқы медициналық көмек көрсету  бойынша топтар өздері дайындап келгендерін көрсетті. 



               Көркемеңбек пәнінің мұғалімдері Балабай Т, Оразалиева Г.А  сабағынан  5-8-сынып оқушыларымен «Өнерлінің қолы алтын»  тақырыбында сыныптан тыс іс -шара өтті. Оқушыларға батик өнерінің шығу тарихы туралы мағлұмат беру;  Оқушыларды мата бетіне сурет салу техникасымен таныстыру; Ұл балаларға қамшы өру және де тамақ түрлерін жасау. Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасады.    Түрлі тағам түрлерін жасап, қорғады. Балалардың қолөнерге деген қызығушылықтары өте жоғары екендігі көрінді. Қамшы өрген балалар таза әрі тиянақты орындады. Қауіпсіздік ережесімен таныстырып отырды


https://www.instagram.com/p/DGf1Ts6NSl_/ инстаграмм желісіне жарияланды






Байқаулар, марапаттаулар

4-наурыз күні «Үздік биология пәнінің мұғалімі»   аудандық байқауына мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Меркибаева Динара Шушановна қатысып, 1-орын иеленіп, облысқа жолдама алды. 


         




       

         

                Мектеп директорының оқу

                 ісі жөніндегі  орынбасары :                           Серік Данна