29
апрель
2022
«Қазақша күрес» сыныптан тыс іс шара
Қазақ халқының ерте кезде қалыптасқан спорт ойындарының бірі – қазақша күрес. Екі адамның белгілі бір уақыт аралығында белдесіп күш сынасуын күрес деп атайды. Күресте дайындығы мол, күшті әрі епті балуан жеңіске жетеді. Осы мақсатта «Қарағаш орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде дене шынықтыру пәні мұғалімдері Омар А.Ж., Саухан А.С., ұйымдастыруымен «Қазақша күрес» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара болып өтті. Мақсаты: қазақша күрес туралы білімдерін жетілдіру, қазақша күрес элементтерін үйрету, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, қазақша күрес арқылы дененін дұрыс қимылын қалыптастыру.