12
ноябрь
2020
Күзгі демалыс кезіндегі атқарылған іс-шаралар
Күзгі демалыс кезіндегі іс-шара жоспарына сәйкес 8-сынып жетекшісі Серік Даннаның ұйымдастыруымен "Ауылым-алтын бесігім" тақырыбында видеоролик жасалды. Қашан да халқымыз үшін ауыл-руханиятымыздың темір-қазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Ауылдың таза ауасын жұтып, тұнық суын ішіп, көркем табиғатынан қуат алып өскен әрбір азамат өзі туған топырағын барынша қадірлеп-қастерлеуге тиіс. Төрт түлігін түлетіп, егісін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл- бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспеттес. Туған жер-адам баласының кіндік қаны тамған,жанына,журегіне жақын,қимас сезімге бөлейтін алтын ұясы.Оның топырағы да, тауы мен тасы да ыстық болады.Әркімге өз ауылы,туған жері мақтан. Осы мақсатта видеороликте ауылымыздың әсем жерлері көрсетілген.






