«ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2023»
«ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2023»
«Келешектің шамшырағы – жас маман» демекші озық ойлы, ұшқыр қиялды, жаны жайсаң, кең жүректі білікті ұстаздардан білімді де білікті шәкірттер шығатыны белгілі. Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін анықтау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне жауапкершілікпен қарау мақсатында мектепішілік «Жас аман - ертеңгі бас маман» байқауы өтті. Мектепішілік байқаудың ережесі алдын-ала жасалып, жас мамандарға тәлімгерлер әдістемелік қолдау көрсетті. Жас мамандарымыз өте жоғары дайындықтарын көрсете білді.
Байқауға қатысушы жас мамандар байқау ережесі бойынша барлық кезеңдерден өтіп, өз шығармашылықтарын көрсетті.
1. кезең. «Үлгі сабақ» - мұғалім өзінің жаңа технологиялық әдістер бойынша бір ашық сабағын өткізді.
2. кезең. «Портфолио» сырттай.
3. кезең. “Шығармашыл ұстаз – дарынды оқушы» модель қорғау.
4. кезең. «Өнерлінің өрісі кең» өз өнерін көрсету
Байқауды бағалаушы әділ қазылар алқасы 4 кезең бойынша жас мамандардың жұмыстарын талдап, әр тур бойынша бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Байқауға қатысқан жас мамандар төмендегідей марапатталды.
І орын – ағылшын тілі пәні мұғалімі Болат Ажар Асқарқызы;
ІІ орын – бастауыш сынып мұғалімі Нұрланбек Мөлдір Нұрланбекқызы;
ІІІ орын – бастауыш сынып мұғалімі Қайыпбек Әсем Әскербайқызы, дене шынықтыру пән мұғалімі Саухан Айбол Сабырұлы
ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер! Қорыта айтқанда, әрбір жас маман хакім Абайдың:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға — деген қасиетті қағидасын әрдайым жүрегінің түкпірінде ұстайтын ұстанымы етіп алса, өз мамандығының нағыз шебері болары хақ.
